Didar-com - “DIDAR” ПРОДЮСЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ



Астананың әдемі келіншегі анықталды

Астананың әдемі келіншегі анықталдыЕлордалық қыз-келіншектердің арасында өткен биылғы «Астана ханымы» байқауы мәресіне жетіп, бас жүлдені тележүргізуші, екі баланың анасы Гүлнәз Әлімгерей жеңіп алды. Ол «Қазақстан телеарнасы» арқылы жұртшылыққа жақсы таныс. Әдемілігін былай қойғанда әдептілігімен, жағымды үнімен жұрт жүрегін жаулап алған тележүргізуші келіншек әлі де талай биікті бағындырып, «қазақтың келіні» деген атақты абыроймен алып жүреріне дау жоқ. 25 пен 39 жас аралығындағы 15 келіншек қатысқан сайыста бас жүлдені иеленген Гүлназ Әлімгереймен сұхбаттасуға біз де асықтық. жалғасы…

ҚЫСҚЫ АЗИАДАНЫҢ ӘНҰРАНЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

aziaДүбірлі доданың бойтұмары болар әуен мен әнге  байқау жарияланды. Топты жарып шыққан туындығына қомақты сыйақы берілмек. Бәйге жеңімпазына бір миллион теңге! Азияда ойындарының ұйымдастыру комитеті “құлақтан кіріп бойды алатын” ән ұранды жазған жанға осындай қаржы ұсынбақ. Доданың шарты гимн сөзі оңай жатталып, әуені құлаққа сіңімді болуы тиіс. Ал, қазақ жерінде өтетін 7 Азияда әнұраны қай тілде шырқалады дегенге бір сорақылығы, әзірге нақты жауап жоқ. жалғасы…

Өнерің болса – ортаға сал!

Өнерің болса – ортаға сал!Би өнерінің нағыз шеберлерін үлкен сыннан өткізіп, жаңа әндер мен сән үлгілерінің тұсауын кесіп, әуен мен қимылды бір арнада тоғыстыратын әлемге әйгілі GRAN FIESTA деп аталатын фестиваль-байқауы келер жылдың басында 8-15 қаңтар аралығында Испания жеріндегі Коста Браве жағалауында өткізілмек. Бұл байқауды негізгі ұйымдастырушысы испандық «Фиесталония» қозғалысы болып табылады. жалғасы…

Елена ӘБДІХАЛЫҚОВА, ақын, әнші-композитор: БІРЕУГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН ДЕ ӨРЕ БОЛУЫ КЕРЕК

Елена ӘБДІХАЛЫҚОВА, ақын, әнші-композитор- Елена, сіз қайда жүрсіз? Не жазып жүрсіз? Сізді аға-апаларыңыздың мерейтойларынан ғана көретін болдық қой… Биыл өзіңіздің де мерейтойлық жасыңыз екен… Шақырып, құрмет көрсеткендер болды ма, мысалы, ту­ған жеріңіз? Қанша дегенмен, Манап атамыздан кейін еліңіздің намысын қорғағаныңыздан басқа, сол елдің әнұранына айналған «Сыр елі» әнін жазған жан емессіз бе?
- Мен қазір негізінен, шығармашылықпен айналысып жүрмін. Гастрольдерде, мерейтойларда, концерттерде жүремін. Биыл көктемде Қарағанды, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Орал, Көкшетауда концерттерімді бердім. Маңғыстауда Жұбаныш Жексенұлымен бірге төрт концерт өткіздік. Негізінен, үйде отырғандағы ермегім - қалам мен қағаз… жалғасы…

Халық әндерін қашанғы құбылтып айтамыз?..

Халық әндері - қазақ жанының музыкасы, ұлт табиғатының қанық бояуы. Бірде зау көкке шалт көтеріліп, заулап төменге құлдилаған сұңқардай, бірде мамырлай көлге қонған мама қаздай, бірде сұңқылдап су бетіне қона алмаған сыңар аққудай, бірде тау кезіп кеткен жігіттің тәкаппар мұңындай, бірде қоштаса алмай сыңси жылаған қыздай, бірде жұртта қалған домбыраның шанағынан уілдеп шыққан жетім желдей, Алатаудан құлаған селдей, Қаратаудан көшкен елдей… жалғасы…