2010 жылдың 1-наурызы мен 5-сәуірі аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ғимаратында V «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалінің Іріктеу комиссиясы фестивальге қатысуға ниет білдірген жұмыстарды қабылдауды жүргізді. Биылғы Іріктеу комиссиясының құрамында Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі, киносыншы, «DIDAR» Республикалық жастар кинофестивалінің ART-директоры, Іріктеу комиссиясының төрайымы – Нәзира Мұқышева, Дөңгелек үстел үйлестірушісі – Баубек Нөгербек, Көрсетілім режиссері, [...]
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР !
Сіздерді биылғы жылы «Жаңа онжылдық - Қазақстан жастарының жаңаша серпілісі!» ұранымен VII қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету құрметіне орай өтетін «DIDAR» атты өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Кинофестиваль 2010 жылғы 16-17 сәуір аралығында, Алматы қаласында ұйымдастырылады. Жұмыстарды Іріктеу комиссиясына сәуір айының 5-не дейін DVD, CD, [...]
Төртінші рет өткізілген кинофестивальдің басты мақсаты – туған елін құрметтеуге шақыратын және өз елінің мәдениетін терең насихаттау барысында жұмыс атқаратын дарынды жастарды табу, қоғамның алғыр да қабілетті қауымы – студенттердің таланттарын шыңдауға рух беріп, жігерлендіру! Бүгінде идеологияның басты құралының бірі – киноөндірісі арқылы ұлттық өнердің тұңғиығынан Отаншылдық бағыттағы, сондай-ақ көрерменннің қызығушылығын арттырып, рух беретін жұмыстарды [...]
Үздікті танып, талантты білу үшін өткізіліп отыратын өнер сайыстары өте қажетті екендігі белгілі. Осы орайда биыл,төртінші рет өткізілгелі отырған «DIDAR» Алматы студенттер кинофестивалі шығармашыл жастар үшін қыруар еңбектер атқарып жатыр деп айтуға болады. Өйткені, қазіргі есімі ел аузына ілініп үлгерген, болашағынан зор үміт күттіртетін жас кинематографистеріміз алғашқы жеңіс қадамын дәл осы фестивальдан бастады. Сондай жастардың [...]
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ! Сіздерді «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға!» атты ұранмен өтетін «DIDAR-2009» өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Кинофестиваль 2009 жылдың 27-28 мамыр аралығында, Алматы қаласында “Родина” кинотеатрында ұйымдастырылады.