«Дидар» кинофестивалiнiң басталуына бiр жұмадай уақыт қалды. Жыл сайын студент жастардың шығармашылығын бағалауда өзiндiк роль атқарып келе жатқан «Дидар» биыл да өзiнiң үздiктерiн анықтайтын болады. Дәстүрлi фестиваль жас дарындардың шығармашылығын шыңдап, жолын ашуға мүмкiндiк берiп келедi. Жас киногерлердiң кинофестивалiнiң қарсаңында, осы жобаның авторы, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қорының директоры Дәурен Мұхамеджановқа бiрер сауал [...]
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ! Сіздерді «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға!» атты ұранмен өтетін «DIDAR-2009» өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Кинофестиваль 2009 жылдың 27-28 мамыр аралығында, Алматы қаласында “Родина” кинотеатрында ұйымдастырылады.
«DIDAR» «Продюсерлік орталығы» Қоғамдық қоры Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздік Күні қарсаңында жас суретшілер арасында «Тәуелсіздік Тынысы» атты ІІ қалалық байқау-көрмесін өткізді. 2008 жылдың қараша айының 3 мен 21 жұлдызы аралығында байқауға 15 пен 35 жас аралығындағы жас суретшілер қатысты. Байқау үш аталым бойынша жүргізілді, атап айтқанда - кескіндеме, мүсін және гобелен.
2008 жылдың 24 қазанында Алматы Баспасөз орталығында, «Қазақстан Републикасындағы мемлекеттік жастар саясатының болашағы мен өзекті мәселелері» атты публицистикалық жұмыстар байқауының қорытындысы жарияланып, жеңіпаз студенттерді мараппаттау рәсімі өтті. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат: жастар саясаты бүгінгі таңда қандай деңгейде шешілмеген түйткілдер бар екендігін өзі уақытында жастар қалай бағамдай алады екен деген ойдан туған еді.