Жас жұлдыздар - Didar-com



Дельфийлік ойындардың Алматы қаласы бойынша Іріктеу кезеңдері аяқталды

Алматы қаласында өткен байқауға қатысушылар конкурстық және фестивальдік бағдарлама бойынша 10-15 жас және 16-21 жас (академиялық ән: 16-20 жас және 21-25 жас) топтары бойынша 15 аталымда сынға түсті.
Өтініштерді қабылдау кезеңінен кейінгі негізгі іріктеу кезеңі 2009 жылдың 10-11 маусым күндері Қ. Қожамияров атындағы Республикалық Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында өтті.

Жандарбек БҰЛҒАҚОВ: Басты арманым – халқыма пайдамды тигізіп, дүниенің кетігіне кірпіш боп қалану

Сәбиін әнмен әлдилеп, жырмен жұбатып, өлеңмен өсірген қазақ үшін асыл сөздің атасы – айтыс өнері баға жетпес қазына екеніне ешкім дау айта алмас. Ұтқыр ой, әдемі әзіл, маңғаз мақаммен қанымызға сіңіп, жүрегімізде тұнып тұрған айтыс өнері туралы бүгіндері әңгіме әртүрлі. Солардың көбісі айтыс ақындарының ізденісі аз, айтыстың дені арзан қалжың мен күлкіге, бірін-бірі мұқатуға құрылады [...]

Жас дарын

Жас күйші Мұрагер Сауранбаевты танымайтын қазақ кемде-кем. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ, алып мұхиттың арғы бетіндегі алпауыт мемлекет – АҚШ-ты қара домбыраны қапысыз қағумен-ақ таңдай қақтырып, Құрманғазының «Балбырауынымен» балқытып қайтқан еді. Міне, сол жас жігіт Мұрагер Сауранбаевпен сәті түсіп сұхбаттасқан едік.
– Мұрагер, күй – қазақтың төл өнері екені белгілі. Атадан балаға мирас болып келген қара домбыра әр [...]