Еліміздің шығыс өңірінде қалыптасқан домбырашылық дәстүр күйлері тұңғыш рет толық жиналып, топтастырылды. Шығыс Қазақстан аймағының күйлерін зерттеуді белгілі күйші, өнертанушы Мұрат Әбуғазы студент шағында бастаған. Автордың қаттап, дайындап, 2007 жылы баспаға ұсынған еңбегі үш жылдан соң «Шығыстың шыңырау күйлері» деген атпен жарық көрді. Бұған дейін күйші, профессор Айтжан Тоқтағанмен бірігіп, еліміздің барлық аймағындағы шертпе, төкпе [...]
Қытай қазақтары ұлттық музыкалық аспап - домбыраны Гиннестің рекордтар кітабына тіркеді. Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 мың домбырашысы жексенбі күні бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындады. Толы аудандық мәдениет мекемесінің бастығы Гүлістан Хамитқызының айтуынша, қара домбыраны рекордтар кітабына тіркеуге дайындық шамамен екі жыл бұрын басталыпты. Аудандық халық өкіметі мұндай бастамаға қолдау көрсеткен. Науқанға аймақтағы [...]
Алматыда Оқушылар сарайында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты шығармашылық этнофестивальдің гала-концерті өтуде. Бір ай бойы өтіп келген этнофестивальдің қорытынды концертінде Алматы қаласының барлық ЖОО-ның және орта арнаулы білім беру орындарының студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Олар қазақ тілінде әннен және биден, өз тілінде өлең айту мен би билеуден бақтарын сынайды.
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі түрік драматургы Түнжер Жүженоғлының «Көшкін» атты психологиялық драмасы сахналанды. Шығарманы орыс тілінен аударған - Омар Қиқымов, қоюшы режиссері - Алма Кәкішева, қоюшы суретшісі - Қабыл Халықов.
Тамара, сізді Алматыдан іздеп едік, Ақтаудан таптық. Өнер ордасынан батыс өңірге шығандап кеткеніңіз қалай?
- Бұйыртса, осы тамыз айының соңында жазушы Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдығына орай өтетін ауқымды мәдени шараға ат салыспақпын. Қазір Ақтауда соған дайындалып жатырмыз. Ақтау филармониясының әртісі ретінде осы шараның барынша биік деңгейде өтуіне қолымнан келгенше үлесімді қоспақпын.