Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі
әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі
Елiмiзде «Қазығұртфильм», «Жас ұлан», «Сатайфильм» секiлдi жекеменшiк коммерциялық киностудиялар құрылып, өз фильмдерiн жұрт назарына ұсына бастады. Мәселен, «Жас ұлан» киностудиясы « Жаралы сезiм» фильмiнен кейiн де «Туған күн», «Менiң де атым Қожа» туындыларын түсiрiп үлгердi, ал «Қазығұртфильм» «Қанталапайдың» жалғасын және аң-құстар туралы циклдi фильмдер түсiретiнiн жариялады.
Елiмiздегi коммерциялық кино ағымын бастап берген «Жаралы сезiм» фильмi. [...]
Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Еліміз 70-80-жылдары әлемдегі ең көп оқитын ел санатында болатын. Қазір ең аз оқитын елге айналдық. Мұның мықты ұшы әлі күнге кітап тарату ісінің жолға қойылмағандығында. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистерінің қауымдастығы қағаз жүзінде бар шығар, бірақ іс жүзінде жоқ. Бір кездері Э.Баталова басқарған «Алматыкітап» басшылығы Қазақстан баспагерлері мен кітап таратушылар қауымдастығын құрмаққа ниеттенгенін білеміз.
Жалпы ұлттық халық санағы басталды. Мұндай шара тәуелсіздік алған жылдардан бастап екінші рет өткізіліп отыр. Халық санағы әрбір он жыл сайын өткізіледі. Биыл бюджеттен санақты өткізуге 6 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Ал осыдан он жыл бұрын өткізілген алғашқы санаққа жұмсалған қаржы көлемі 1 млрд теңгені құраған. Елімізде өтіп жатқан екінші санақ жұмыстары қалай өткізіліп [...]