2009 Наурыз



Өнердің шыңын бағындырған бұлбұл

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан мен Татарстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, бұлбұл көмей әнші Нұржамал Үсенбаеваның шығармашылығына арналған концерт өтті. Дара туған таланттың концертіне алыс-жақыннан ат арылтып келген өнерсүйер жұртшылықтың дені театрға сыймай арманда қалды.

Театрдың тағы бiр көктемi басталды

24 наурызда Қазақтың Мемлекеттiк М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында “Театр көктемi-2009” фестивалiнiң ашылу салтанаты өттi. Аталмыш шара жыл сайын Наурыз мерекесi және 27 наурыз — Халықаралық Театр күнiне орайластырып өткiзiледi.

Нұржұман Ықтымбаев: Хореография училищесіне хорда ән айтуды үйретеді деп бардым ғой

Мәскеуде өткен Адам құқы жөніндегі фильмдердің халықаралық «Сталкер» фестивалінде қазақстандық «Сталинге сыйлық» фильмі ең үздік шетелдік туынды деп танылған еді. Одан кейін Орынбордағы “Восток-Запад” фестивалінде «Сталинге сыйлықта» Қасым қартты сомдаған Нұржұман Ықтымбаев «Ең үздік рөл» номинациясында жеңімпаз атанды. Картина үйлестірушілерінің сөзіне қарағанда мұндай номинация бұрын болмаған көрінеді. Алайда, қазылар алқасы картинаны көріп, қазақ актерінің еңбегін атап [...]

Жандарбек БҰЛҒАҚОВ: Басты арманым – халқыма пайдамды тигізіп, дүниенің кетігіне кірпіш боп қалану

Сәбиін әнмен әлдилеп, жырмен жұбатып, өлеңмен өсірген қазақ үшін асыл сөздің атасы – айтыс өнері баға жетпес қазына екеніне ешкім дау айта алмас. Ұтқыр ой, әдемі әзіл, маңғаз мақаммен қанымызға сіңіп, жүрегімізде тұнып тұрған айтыс өнері туралы бүгіндері әңгіме әртүрлі. Солардың көбісі айтыс ақындарының ізденісі аз, айтыстың дені арзан қалжың мен күлкіге, бірін-бірі мұқатуға құрылады [...]

«Алаш Орда» деректі фильмі көрсетілді

Кеше Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы толықметражды «Алаш Орда» деректі фильмінің тұсаукесерін өткізді. Көрнекті ғалымдар мен жазушылар, зиялы қауым өкілдері және Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары қатысқан тұсаукесер рәсімінде біз аталған фильмнің режиссері Қалила Омаровты әңгімеге тартқан едік.