Елімізде “Жас драматургтер зертханасы” құрылды
“Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші, шығармашылықтың барлық өкілдері сияқты драматургтер қауымы да үлкен үмітпен күткен “Жас драматургтер зертханасы” құрылды. Онда жаңа туындылар талқыға салынып, сыннан сүрінбей өткендер театр сахнасына жолдама алады.
«Бәкей қыз»
М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында болған соңғы премьера Т.Мәмесейіттің “Бәкей қыз” қойылымында Бәкей мен Сейіттің махаббатынан өрбитін қазақ-қырғыз халықтарының ақ патшаның қыспағындағы өмір-тұрмысы суреттелген. Автор бұл шығармасын М.Әуезовтің “Қилы заман” повесі негізінде жазып шығыпты. Оның негізгі мақсаты – прозадағы Ұзақтың ойымен берілетін Бәкей тағдыры арқылы жер мәселесін көтеру.
Қазақстандық фильм Киевте өткен халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды
Ынта болса - қаражаттың аздығы кәсіби фильм түсіруге кедергі келтірмейді. Ақтөбелік режиссер Серік Айтжановтың «Өмірге тыйым салу» фильмі Киевте өткен халықаралық кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды. Режиссер қазір фильмнің жалғасын түсіруді жоспарлап отыр.
«Махамбет» фильмі мамырда жарыққа шығады
Сәрсенбі күні Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед қазақ киносының көрермендері үшін ең жағымды жаңалықты жария етті. Министрдің айтуынша, биыл қазақ көрермендері жаңадан түсірілген төрт фильмді көріп көзайым болмақшы. «Биылғы мамырдың аяғында барлығымыз көптен күткен екі сериялы «Махамбет» фильмінің тұсауы кесіледі.





















