Қазақстанда көрерменіне жетпестен бұрын басы дауға қалған режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» кинокартинасы маусымның 26-сынан бастап елдің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастады. Ерекшелігі - фильмде ешқандай сөз, кейіпкерлердің диалогтары жоқ.
Қазақ киноөнері адам жанының ең асыл сезімі, жас ғұмырдың жалынды әні болған махаббат сезімін діңгек еткен тағы бір киномен толықты. Махаббат болғанда да бояусыз, әсіресе екпін қоюсыз серт байласқандардың тар жол тайғақ кешулері.
Бақыт пен былыққа толы өмірдің айнасы іспеттес болған кинотуындыны дүниеге алып келген көпшілікке танымал сценарист – режиссерлер Данияр Саламат пен Кенжебек Шайқақов.
Әлемнің 130 елінде, 80-нен астам тілге аударылған, әзербайжандық жазушы Үзейір Ғажыбековтың «Аршын Мал Алан» музыкалық драмасы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Тұңғышбай әл-Таразидің режиссерлiгiмен сахналанды. Бұл ерекше уақытта қойылған ерекше қойылым болды.
Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Бүгінде технология жетістіктеріне көз ілеспейтін жаһандану дәуірінде шеберлер көз майын тауысып жасаған қолөнердің алатын орны ерекше. Алтын-күміс, қола мен мыстан, тері мен ағаштан жасалған осындай бірегей дүниелер жоғары сұранысқа ие. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүрді жалғастырып, зергерлік өнердің мәні мен маңызын халқына таныстырып, кеңінен насихаттап жүрген елімізде [...]
Алматы қаласында өткен байқауға қатысушылар конкурстық және фестивальдік бағдарлама бойынша 10-15 жас және 16-21 жас (академиялық ән: 16-20 жас және 21-25 жас) топтары бойынша 15 аталымда сынға түсті.
Өтініштерді қабылдау кезеңінен кейінгі негізгі іріктеу кезеңі 2009 жылдың 10-11 маусым күндері Қ. Қожамияров атындағы Республикалық Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында өтті.