Қазақ пен жапон халқы арасындағы ұқсастықтарды табиғат арқылы көрсете білген картинаны Алматылық журналистер мен арнайы шақырылған қонақтар ғана тамашалады. Отандық режиссерлер туындысы «Кең дала және Мұхит» деректі фильмін жасауға жапондық ірі телерадиокомпания көмек көрсеткен. Кинода, қазақ елінің мәдениеті және жапон халқы жайлы баяндалады. Казақстандық түсірілім тобының айтуынша, қазақтар мен жапондар рухани үндес ұлт.
Өткен аптаның басында Қазақстан халқы Елордамыз – Астананың 11 жылдығын думанды түрде атап өттi. Бұл күнi елiмiздiң бас қаласында түрлi мәдени шаралар мен өнегелi ұрпақ үшiн тәрбиесi мол кештер ұйымдастырылды. Әрине, Астананың 11 жасқа толып отырған торқалы тойын былайғы жұрт көзбен көрмесе де, отандық телеарналар арқылы тiкелей эфирден тамашалай алды. Бiз де бұл күнi мемлекеттiк [...]
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты «Қазақша сөйлесейік!» акциясын бастады, оның мақсаты - халыққа қызмет көрсететін орындарда мемлекеттік тілді сауатты қолдануға жәрдемдесу. Бұл туралы партияның орталық аппаратында өткен брифингіде жастар қанатының өкілдері мәлімдеді.
Елiмiздегi шоу-бизнес әлемi тағы бiр бейнеклиппен толықты. Өткен жұмада қазақ музыкасын бүкiл әлемге танытқан “Ұлытау” тобы өзiнiң жаңа бейнебаянын қалың жұртшылыққа таныстырды. Қазақтың төл аспабы домбыра мен қазiргi заманғы музыканы байланыстыру — Болмановтың сонау “Азия даусы” байқауынан бергi арманы екен.