2009 Тамыз



«Ұлттық кино күндерінде» шалғайдағы ауыл көрермені қазақ киносын тамашалайды

Қазақстан кинематографистер одағы ұйымдастырып отырған арнайы шара барысында елдің шалғайдағы ауылдардағы көрермен қауымға «Қазақфильмнің» өнімдері - бұрынғы классикалық «Қыз Жібектен» бастап, бүгінгі атышулы «Рэкетирге» дейінгі фильмдерді тегін көрсетпек.

Тамара Асар: Менен өткен ырымшыл жоқ

Тамара, сізді Алматыдан іздеп едік, Ақтаудан таптық. Өнер ордасынан батыс өңірге шығандап кеткеніңіз қалай?
- Бұйыртса, осы тамыз айының соңында жазушы Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдығына орай өтетін ауқымды мәдени шараға ат салыспақпын. Қазір Ақтауда соған дайындалып жатырмыз. Ақтау филармониясының әртісі ретінде осы шараның барынша биік деңгейде өтуіне қолымнан келгенше үлесімді қоспақпын.

Қара Пима жаңа фильм!!!

1996 жылы Республика Сарайында Алтынбек Қоразбаевтың жеке шығармашылық концертінде «Қара пима» поэмасының тұсауы кесілген болатын. Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың әнін нақышына келтіре орындаған Алма Аманжолованы халық ыстық ықыласымен, зор қошеметімен сахнадан шығарып салған еді.