2009 Қыркүйек



Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» ән байқауының қорытындысы шығарылды

Таразда, облыстық драма театрында V республикалық Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» ән байқауы өтті. Байқауды «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен Жамбыл облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасы жамбылдық ақын Кенен Әзірбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырды.

«Алматы – менің сүйікті қалам» IV қалалық фотобайқауы өз мәресіне жетті

Фотобайқаудың мақсаты 15 – 35 жас аралығындағы әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында дарынды жас фотографтарды анықтау болып табылады. Байқау  жұмыстарын іріктеу кезеңі қыркүйектің 9 мен 21 аралығында өтті.  Байқауға қатысуға 50-ден аса өтініш қабылданып, байқау комиссиясы мүшелерімен сарапталды.

“ҰЛЫТАУ” ЖӘНЕ “МОНОВАР”

Шiлде айында продюсер Қыдырәлi Болман БАҚ өкiлдерiн жинап, елiмiздегi бiрден-бiр этно-рок тобы — “Ұлытаудың” Еуропаға аттанғалы отырғанын хабарлаған болатын. Дүйсенбi күнi тағы бiр баспасөз-мәслихаты өттi. Бұл жолы продюсер топтың Еуропадағы концерттерi туралы баяндады. “Ұлытау” екi ай бойы әлемге әйгiлi “Моновар” рок-тобымен бiрге гастрольдiк сапарға шықты.

“Қазақстан аруы - 2009” байқауының жеңімпаздары анықталды

“Қазақстан аруы - 2009” байқауының жеңімпаздары анықталды. Келесі жылы АҚШ-та өтетін “Әлем аруы” байқауында Қазақстан елінің атынан - алматылық Сымбат Мадиярова бағын сынайтын болды. 31 бойжеткеннің арасынан оза шыққан 18 жастағы аруды әділқазылар алқасы еліміздің «ең сұлу қызы» деп таныды.

«Алматы – жастар қаласы» V мерейтойлы жастар шығармашылық фестивалі өтті

Алматы қаласы Күніне арналған мерекелік шаралар аясында, 2009 жылдың 17-18 қыркүйегі күндері Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мен «Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау орталығы» қоғамдық қоры қала Әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтетін «Алматы – жастар қаласы» V мерейтойлы жастар шығармашылық фестивалін ұйымдастырды.