Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және «Қайсар» республикалық жастар қоғамдық-саяси қозғалысы» ҚБ бірлесіп ЖОО мен ОАОО-ның студенттері арасында «Алматы – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің алтын бесігі» атты жыл сайынғы публицистикалық жұмыстар байқауын ұйымдастырды.
Халық ауыз әдебиетінің сандық үлгідегі жазбасы Ұлттық баспасөз клубында таныстырылды. Бұл бастама жырдың 500 жылдық мерейтойына орай қолға алынып отыр. Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі шығарып отыр. Туындынының мақамы мен мәтінін Мұхтар Өтебаев пен Фарида Шәріпова дыбыстаған.
Кішкентай көрермендеріміз үшін жағымды жаңалық. “Қазақфильм” балаларға арналған “Секер” атты жаңа көркем фильм түсірді. Ауылдағы ойын баласының өмірі сипатталған, ғибраты мол картина “Саған күшік керек пе?”, “Шоқ пен шер” сияқты классикаға айналған туындылардың қатарынан орын алуға лайық.
Алматыдағы Мәдени саясат және өнертану институты «ӘДЕМІ-АЙ plus» компаниясымен бірлесе отырып, «Ұлттық кәдесыйдың мәдениеттегі орны» деп аталатын дөңгелек үстел өткізді. Қай халықтың болсын ұлттық болмысын танытатын, бет-бейнесін айқындайтын бренді, яғни нышаны болады. Париж - Эйфель мұнарасымен, Мәскеу - Қызыл алаңымен, Ашхабад - ақалтеке арғымағымен әлемге белгілі. Қазақстан ше?
Айгүл Иманбаева дегенде ең алдымен қазақ көрермендерінің көз алдына «Ұят болмасын» бағдарламасындағы Айгүл келін оралуы мүмкін. Себебі, ол көзі қырағы көрерменге ең алғаш осы жоба арқылы танылып, көпшіліктің көңілінен шықты. Кейін көгілдір экрандағы «Айгүл келін» өмірде Айгүл ана атанды. Қазір ол танымал әнші, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жетекші әртісі және [...]