2009 Қараша



Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Кино жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуі керек

Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс барысымен арнайы келіп, жаңадан іске қосылған сандық орталықпен танысты. Соңынан актерлер мен режиссерлермен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.

«Бәйтерек» – балалық арманның символы

Балалардың тұп-тұнық әлемін, бал-балалық дәуренді киноға арқау ету режиссерден үлкен сезімталдықты, шеберлікті талап етері анық. Бүлдіршіндердің жанын түсіне білген кешегі талантты режиссер А.Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» атты фильмін көріп өскен буынның балалары бүгінде «Гарри Потер», «Человек-паук» секілді фильмдер мен мультфильмдерді көруге мәжбүр.

Алматыда «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты шығармашылық этнофестивальдің гала-концерті өтуде

Алматыда Оқушылар сарайында  «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты шығармашылық этнофестивальдің гала-концерті өтуде. Бір ай бойы өтіп келген этнофестивальдің қорытынды концертінде Алматы қаласының барлық ЖОО-ның және орта арнаулы білім беру орындарының студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Олар қазақ тілінде әннен және биден, өз тілінде өлең айту мен би билеуден бақтарын сынайды.

Германиядағы Қазақ киносы

Германияда Қазақ киносының апталығы өтуде. Қазақстанның Германиядағы жылының аясында ұйымдастырылған бұл шара қарашаның 10-15-і аралығында Берлин және Котбус қалаларында өтіп жатыр. Германияда алғаш рет ұйымдастырылған қазақстандық кинофестивальдің аясында көрермендер қазақ киносының классикасымен қатар, қазіргі заманғы туындылармен де танысуда.

«Көшкін» - санадағы құбылыс

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі түрік драматургы Түнжер Жүженоғлының «Көшкін» атты психологиялық драмасы сахналанды. Шығарманы орыс тілінен аударған - Омар Қиқымов, қоюшы режиссері - Алма Кәкішева, қоюшы суретшісі - Қабыл Халықов.