2009 Желтоқсан



ҚАЗАҚТЫҢ 100 ӘНІ

Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері жайында әңгіме болғанда Біржан салдың аты алғашқылардың қатарында аталады. Біржан осы күндегі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Ермол деген жерде 1831 жылы дүниеге келген. Ол жерді бұрын “Қожағұл ауылы” дейді екен. Заманында үш жүзге аты мәлім болған Біржанның әрбір әнінің шығу тарихы бар.

Қазақстанда түсірілген «Қызғалдақ» фильмі Шотландиядағы кинофестивальға қатысты

Бұл күндері Эдинбургте «Қызғалдақ» («Тюльпан») фильмі көрсетіліп жатыр. Ол былтыр Канны қаласындағы (Франция) өткен Халықаралық кинофестивальде «Ерекше көзқарас» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын. «Қызғалдақ» фильмі Қазақстанның ауылдары мен шалғайдағы аймақтарында тұратын шопандардың тауқыметті өмірі жайлы сыр шертеді.

Құлагер мәңгілік тұғырына мінді!

2009 жылдың қараша айының 27жұлдызында, Ұлы Даланың даңқты тұлпары - Құлагерге арналған ескерткіш салынып бітті. Бұл ел өміріндегі айтулы оқиға болып саналады. Себебі Құлагер ескерткішін бүкіл халық тосып жүрген болатын. Ескерткіш «Астана-Көкшетау» автобанының бойында орналасқан.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «КӨШПЕНДIЛЕРДI» ТҮСIРДIК… ТҮК ШЫҚПАДЫ

«Қазақфильм» киностудиясы - киелi шаңырақ. Онда Шәкен Айманов бастаған қазақ кино өнерiнiң майталмандарының iзi жатыр. Онда қазақ киносының алтын ғасыры саналатын, сонау 60-70-жылдардағы фильмдерiмiз сақталған. «Қазақфильм» қазақ кино өнерiнiң iрi-iрi тұлғаларын өнер биiгiне алып шыққан құт мекен.

Елімізде тұңғыш рет 600-ден аса домбырашы күйлерді бір мезетте күмбірлетті

Кеше Алматыдағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күні құрметіне арналған «Домбыраның күмбірі - халқымыздың бірлігі» атты күй кешінде Қазақстанда тұңғыш рет 600-ден аса домбырашы күйлерді бір мезетте күмбірлетті. Күй кешіне қаладағы жоғары оқу орындары мен музыкалық мектептердің оқушыларынан тұратын 640 домбырашы қатысты.