Алматыда режиссер Қуат Ахметовтің «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты көркем фильмінің тұсау-кесер рәсімі өтті. Былтыр жоспарланып, жыл аяғына дейін жұртшылық назарына ұсынылады деп күтілген туындыны «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
Қазақ киносы десе, бiрден көз алдымызға “Қыз Жiбектi” немесе “Менiң атым Қожаны”, тiптi болмаса, “Алпамыс мектепке барады” мен “Тақиялы перiште” оралады десек, кейбiр оқырман ренжитiн де шығар. Рас, қазақ киносының алтын ғасыры саналатын 60-жылдар бiздiң кино тарихымызға қайталанбас, құнды туындыларды алып келдi десек, артық емес.
Әйгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтың продюсерлігімен түсірілген «Қара найзағай» картинасы бес күн ішінде 10 миллион доларға жуық касса жинады. Дәл сол фильм бүгін ата-ана қамқорлығынан айрылған 180 бала назарына ұсынылды.
– Жақында ұлты қазақ ресейлік режиссердің жаңа фильм түсіруді аяқтағанынан көпшілік қауым хабардар. Жаңа туындыңыз не туралы?
– Ол «Черная молния» деп аталады. Қазақстандықтар фильмді басқалардан бұрын қызықтай алады. Мен қазақстандық көрерменнің маған деген ықыласына орай, маған артқан сенімін ақтап, жаңажылдық сыйлық жасадым деп ойлаймын.