2010 Ақпан



«Ымырттағы махаббат» – 100

19 ақпанда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Ымырттағы махаббат» спектаклінің 100-ші қойылымы өтеді. Неміс драматургы Г.Гауптманның драмасын қазақшалаған - Қалихан Ысқақ, шығарманы сахналаған - Қазақстанның халық артисі Рубен Андриасян, қоюшы суретшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқов, басты рөлде - КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов.

Шрек шешен, Бэтмен би болмайды

Қазақ мультфильмін қашан көреміз? Осы сұрақ газет бетін ашып қалсаң, радионы басып қалсаң, телеарнаны қосып қалсаң, алдымыздан шығады. Бірақ әлі күнге әлгі сұраққа жауап таппай желігіп жүрміз. Көк жәшіктен көргенін қайталайтын бүлдіршіндер, шетелдің Шрегін - шешен, Бэтменін - би, Суперменін - сұлтан, Өрмекші адамын өнеге тұтып жүр.

Қазақ киносы туралы ойлар мен толғаныстар

“Барлық өнердің ішіндегі біз үшін ең маңыз­дысы – кино!” Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын көтерілген қызыл көсем ұраны әлі күнге өз өзектілігін жойған жоқ. Жоймақ тұрмақ, бұл өнер маңызы күн өткен сайын үдей түсуде. Өйткені, әлемдік ықпал үшін күрес жаңа ғасырда жаңа сипатқа ие болды. Жер-жаһанды қаруға жалындырмақ пиғылдың күні өтіп, ендігі жерде ол әрекет [...]