ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР !
Сіздерді биылғы жылы «Жаңа онжылдық - Қазақстан жастарының жаңаша серпілісі!» ұранымен VII қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету құрметіне орай өтетін «DIDAR» атты өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Кинофестиваль 2010 жылғы 16-17 сәуір аралығында, Алматы қаласында ұйымдастырылады. Жұмыстарды Іріктеу комиссиясына сәуір айының 5-не дейін DVD, CD, [...]
Соңғы бiр-екi жылдың көлемiнде тұсауын кесiп жатқан фильмдер жетерлiк. Оның бiразы телеэкранға жол тартысымен сынға iлiксе, кейбiрi көрерменнiң жылы ықыласына бөленiп жатты. Алайда, “Мiне, кино деп осыны айт” дейтiндей, тұщынып отырып көретiн дүниенi кезiктiру некен-саяқ.
Мұқабасы мен қорабының өзi ерекше, қомақты кiтап ерiксiз жанарыңды өзiне аудартады. Салмағы да жеңiл емес. Қолтығыңа қысып кете беретiн жұқалтаң кiтаптардың санатына жатпайды. Төрт бұрышты қорапқа салынған бұл кiтап қалыңдығымен, ауырлығымен құнды емес, оның құны iшiнде жатыр. Тұп-тура 45 CD-дискiден жинақталған үлкен кiтаптың сыртында тайға таңба басқандай, “Қазақтың дәстүрлi 1000 күйi” деп ойылып жазылыпты. Мiне, [...]