Абай театрында «Абай» қойылады


Абай театрында «Абай» қойылады

Авторы: admin     уақыты: 23-Ақпан 2009   Бөлімі: Өнердегі жаңалықтар

Ақпанның 14-інде Қазақ мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы қойылмақ.65 жыл бойы сахнадан түспей келе жатқан классикалық туынды аталған театрдың «төлқұжатына» айналды.Либреттосын Мұхтар Әуезов жазған қойылымда Абай ролін ҚР еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов сомдайтын болады. Ажардың рөлін ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Айдарды ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұрат Шалабаев, Жиреншені ҚР халық әртісі Ғафиз Есімов, Әзімді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов, Сырттанды ҚР еңбек сіңірген әртісі Бейімбет Қожабаев ойнайды.

Дерек көзі: http://anatili.kz



Пікір жазу:

міндетті
міндетті
блог адресі