«DIDAR» IV АЛМАТЫ СТУДЕНТТЕР КИНОФЕСТИВАЛІ


«DIDAR» IV АЛМАТЫ СТУДЕНТТЕР КИНОФЕСТИВАЛІ

Авторы: admin     уақыты: 2-Maмыр 2009   Бөлімі: "DIDAR" кинофестивалі, Жаңалықтар, Жобалар

didar ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ! Сіздерді «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға!» атты ұранмен өтетін «DIDAR-2009» өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Кинофестиваль 2009 жылдың 27-28 мамыр аралығында, Алматы қаласында “Родина” кинотеатрында ұйымдастырылады. Жұмыстарды Іріктеу комиссиясына мамыр айының 20-на дейін VHS (PAL), DVD, USB Flash-да мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127. Бөгенбай батыр көш. қиылысы, Т.Жүргенов атын. ҚазҰӨА, № 15 каб.

Төртінші рет өткізіліп отырған жастар кинофестивалінің басты мақсаты – өз замандастарын туған елін құрметтеуге шақыратын және елінің мәдениетін терең насихаттау барысында жұмыс атқаратын дарынды жастарды табу.

Бүгінде әлемде орын алып отырған дағдарысқа қарамастан, идеологияның басты құралына айналған – кино өндірісі арқылы ұлттық өнердің тұңғиығынан бастау алатын отаншылдық бағыттағы, сондай-ақ көрерменнің қызығушылығын арттырып, рух беретін жұмыстарды жарыққа шығару.

Болашақта, жас киногерлердің туындыларынан қоғамымызда болып жатқан жақсы өзгерістердің орын алуына ұйтқы болып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында да атқарылатын игі істерге тарту. Тәрбиелік мәні зор мұндай байқаулардың қоғамның алғыр да қабілетті қауымы - жастардың таланттарын шыңдауға рух беріп, жігерлендірері сөзсіз!

Кинофестивальді ұйымдастырушылар:
«DIDAR» Продюсерлік орталығы» Қоғамдық қоры мен
Алматы қаласының Жастар саясаты жөніндегі басқармасы және
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының қатысуымен

Сіздерді кинофестивальға белсенді түрде қатысуға шақырамыз, қадірлі студенттер мен өнерлі жастар!

Бұл, сіздер үшін үлкен мүмкіндік,
ендеше осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

Жалпы ережесі: http://didar-com.kz/?p=331

Материалдарды мына мекен-жайға табыстауыңызға болады:
050000, Алматы, Панфилов көшесі, 127. «DIDAR-2009» Дирекциясының Іріктеу комиссиясы. Анықтама телефондары: +7 (727) 261 62 81, 261 06 00, +77773637339, +77011527807, т/ф: 8(727)2610 600.
e-mail: didarkino@mail.ru

IV АЛМАТИНСКИЙ СТУДЕНЧЕСКИЙ КИНОФЕСТИВАЛЬ «DIDAR»

УВАЖАЕМЫЕ СТУДЕНТЫ И ТАЛАНТЛИВАЯ МОЛОДЕЖЬ!

Приглашаем Вас принять участие
в Алматинском кинофестивале талантливой молодежи
«DIDAR-2009»
под девизом «Через кризис к обновлению и развитию!»

Кинофестиваль пройдет в г.Алматы с 27 по 28 мая 2009 года. Работы для отбора принимаются Отборочной Комиссей до 20 мая в форматах VHS (PAL), DVD, USB Flash по адресу: г. Алматы, ул. Панфилова, 127. Угол ул.Богенбай батыра, КазНАИ им. Т.Жургенова, каб. № 15.

Поиск талантливых представителей молодого поколения, призывающих современников уважать Родину и работающих во благо пропаганды национальной культуры – это и является основной целью проведения четвертого кинофестиваля.

Сегодня с помощью киноиндустрии – основного средства идеологии, не смотря на нынешний всемирный кризис, будут выявлены работы, истинного национального искусства патриотического направления, а также работы направленные на вдохновение зрителей и повышение их интереса.

В будущем - это также оказание содействия молодым киноматографистам, отражающим в своих произведениях изменения, происходящие в обществе, и привлечение молодых талантов к мероприятиям, проводимых в рамках программы «Культурное наследие». Безусловно, данный конкурс имеет очень большое значение в процессе воспитания смелой и способной части общества – молодежи, и придаст дух совершенствованию их талантов!

Организаторы кинофестиваля:
Общественный фонд «Продюсерский центр «DIDAR» и
Управление по вопросам молодежной политики г.Алматы
при содействии Казахской Национальной академии искусств имени Т.Жургенова

Приглашаем активно участвовать на кинофестивале, дорогие студенты и молодые таланты!

Регламент: http://didar-com.kz/?p=331

Это ваш шанс!
Не упустите его!
Материалы можно выслать по адресу:
050000, г.Алматы, ул. Панфилова, 127. Дирекция кинофестиваля «DIDAR-2009». Телефоны для справок: +7 (727) 261 62 81, 261 06 00, +77773637339, +77011527807,
т/ф: 8(727)2610 600.
e-mail: didarkino@mail.ru



Пікір жазу:

міндетті
міндетті
блог адресі