«Тәуелсіздік тынысы» II қалалық жас суретшілер байқау-көрмесі өз мәресіне жетті
«DIDAR» «Продюсерлік орталығы» Қоғамдық қоры Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздік Күні қарсаңында жас суретшілер арасында «Тәуелсіздік Тынысы» атты ІІ қалалық байқау-көрмесін өткізді. 2008 жылдың қараша айының 3 мен 21 жұлдызы аралығында байқауға 15 пен 35 жас аралығындағы жас суретшілер қатысты. Байқау үш аталым бойынша жүргізілді, атап айтқанда - кескіндеме, мүсін және гобелен.
Байқау-көрменің негізгі мақсаты бейнелеу өнері арқылы жастар арасындағы азаматтық және патриоттық тәрбиені одан әрі дамуын нығайту, сонымен қатар дарынды жастардың шығармашылығын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының қолдауы болып отыр. 2008 жылдың қараша айының 26 жұлдызында, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер Мұражайының көрме залында байқау-көрменің салтанатты ашылуы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. Осы байқау-көрменің сараптау-бағалау комиссиясы мүшелерінің құрамында белгілі суретші-кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, профессор Жұмақын Қайранбаев, О.Таңсықбаева атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжінің директоры, суретші-кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Керімбай Қыстаубаев, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы директорының орынбасары, өнертанушы, Қазақстан Суретшілер Одағының, AICA халықаралық өнертанушылар қауымдастығының мүшесі Күлжазира Мұқажанова т.б. өнер адамдары болды.
Сараптау-бағалау комиссиясының мүшелері, аталмыш байқау жас суретшілер мен мүсіншілердің болашақтарына өте жақсы бастама екендігін атап өтті.
Жеңімпаздар келесі аталымдар бойынша анықталды:
Кескіндеме:
І орын – Азамат Жаңалықұлы «Құштарлық» жұмысымен;
ІІ орын – Анар Абжанова «Осень» жұмысымен;
ІІІ орын – Бейбіт Асемқұл «Қасиетті уақыт» жұмысымен;
Мүсін:
І орын - Қазыбек Дулатов «Дала әуені» жұмысымен;
ІІ орын - Ақылбек Орманбеков «Арман» жұмысымен;
ІІІ орын – Саят Битуғанов «Экзилибрист» жұмысымен;
Гобелен:
І орын - Ботакөз Төлешова «Птица» жұмысымен;
ІІ орын - Айдар Жамхан «Степная мозайка» жұмысымен;
ІІІ орын - Гүлшат Джураева «Беседа» жұмысымен.
Байқау жеңімпаздары арнайы сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қарашаның 26-сы мен желтоқсанның 17-сы аралығында Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары дарынды жастардың шығармашылығын тамашалап, жас өнер иелеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Didar-com.kz





















