«Қара найзағай» фильмі балалар назарына ұсынылды.
Әйгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтың продюсерлігімен түсірілген «Қара найзағай» картинасы бес күн ішінде 10 миллион доларға жуық касса жинады. Дәл сол фильм бүгін ата-ана қамқорлығынан айрылған 180 бала назарына ұсынылды. Қайырымдылық шарасына Алматының бес балалар үйі мен мектеп-интернаттары шақырылған екен. Толығырақ келесі бейнематериалда.
«Қара найзағай» деп аталатын кинокартина 31-желтоқсаннан бастап, Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастады. Не бәрі 5 күн ішінде ол еліміз бойынша жарты миллион доллар жинаған. Ал Ресейден тапқан табыс қоры 9 миллион АҚШ долларын құраған екен.
Өмірдің ақ-қарасын ажыратып, адами қасиеттерді бойын қондыра білген хас батыр туралы туындыны бүгін ата-ана қамқорлығынан ажыраған бүлдіршіндер де көруге мүмкіндік алды. Әйгілі фильмді тамашалар алдында олар өз сезімдерімен бөлісіп үлгерді.
Жібек ЕРЖАН, Алматы қ. №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі:
«Бүгін біз кинотеатрда «Қара найзағай» киносын көреміз. Ол киноны түсірген Тимур Бекмамбетов. Ол кісі өте атақты адам. Ол режиссер маған ұнайды. Біз оның бірнеше киноларын көргенбіз. Қазір ол шетелде басқа кинолар түсіріп жатыр. Демалыстарда бос уақытымызды осындай кинотеатрларда, цирктерде, концерттерде өткіземіз.»
180 баланың жүзіне күлкі үйіріп, көңілдерін жадыратқан ұйымдастырушылар осымен тоқтамайтындықтарын айтып отыр. Бұл шараның алғашқы күні ғана. Қаладағы еғ үлкен экраны алдынан бүлдіршіндер бұл туындыны тағы 2 күн бойы тегін көре алады. Мұндай қайырымдылық шарасы еліміздің басқа да өңірлерінде өткізіледі деп жоспарлануда. Игі істі жүзеге асыру идеясын картина продюсері Тимур Бекмамбетовтың өзі ұсынған екен.
Салтанат ЖЕКЕБАЕВА, «KINO PREMIER» бас директоры:
«Балалар үйін киноға шақыру идеясын Тимур Бекмамбетовтың өзі ұсынды. Мұндай шара Ресейде де өткізіліп жатыр. Біз оның ұсынысын бірден қабыл алып, балаларға қуаныш силауды құп көрдік. Көптеген алдынғы қатарды серіктестіктерге хабарластық, олар да қолдарынан келген көмектерін аямады. Бұл акция Алматыда 3 күн бойы жалғасын табады».
Жаңа жыл қарсаңында көрерменге жаңа фильм ұсынуды әдетке айналдырған жерлес режиссеріміздің игі бастамасы басқаларға да үлгі болар деген ниеттеміз. Ал ақпан айынан бастап, бұл фильмнің дискісі сатылымға шықпақ.





















