«DIDAR» V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР КИНОФЕСТИВАЛІ


«DIDAR» V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР КИНОФЕСТИВАЛІ

Авторы: admin     уақыты: 10-Наурыз 2010   Бөлімі: "DIDAR" кинофестивалі, Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ӨНЕРЛІ ЖАСТАР !

logo_didarfestСіздерді биылғы жылы «Жаңа онжылдық - Қазақстан жастарының жаңаша серпілісі!» ұранымен VII қысқы Азия ойындарын насихаттау аясында және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету құрметіне орай өтетін «DIDAR» атты өнерлі жастардың кинофестиваліне қатысуға шақырамыз. Кинофестиваль 2010 жылғы 16-17 сәуір аралығында, Алматы қаласында ұйымдастырылады. Жұмыстарды Іріктеу комиссиясына сәуір айының 5-не дейін DVD, CD, флэшкада мына мекен-жайға жіберулеріңізге болады: Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127. Бөгенбай батыр көш. қиылысы, Т.Жүргенов атын. ҚазҰӨА, № 15 каб.

Бесінші рет өткізіліп отырған жастар кинофестивалінің басты мақсаты – өз замандастарын туған елін құрметтеуге шақыратын және елінің мәдениетін терең насихаттау барысында жұмыс атқаратын дарынды жастарды табу.

Бүгінде идеологияның басты құралына айналған – кино өндірісі арқылы ұлттық өнердің тұңғиығынан бастау алатын отаншылдық бағыттағы, сондай-ақ көрерменнің қызығушылығын арттырып, рух беретін жұмыстарды жарыққа шығару.

Болашақта, жас киногерлердің туындыларынан қоғамымызда болып жатқан жақсы өзгерістердің орын алуына ұйтқы болып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында да атқарылатын игі істерге тарту. Тәрбиелік мәні зор мұндай байқаулардың қоғамның алғыр да қабілетті қауымы - жастардың таланттарын шыңдауға рух беріп, жігерлендірері сөзсіз!

Кинофестивальді ұйымдастырушылар:

Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы

«DIDAR» Продюсерлік орталығы» қоғамдық қоры

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Ресми қолдаушылар:

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі,

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, Алматы қаласының әкімдігі

Кинофестивальға қатысты толық ақпаратты хаттың қосымшасынан немесе

www.didar-com.kz, www.zhastar.com сайттарынан табуға болады.

Сіздерді кинофестивальға белсенді түрде қатысуға шақырамыз, қадірлі студенттер мен өнерлі жастар!

Бұл, сіздер үшін үлкен мүмкіндік, ендеше осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!

Материалдарды мына мекен-жайға табыстауыңызға болады:

050000, Алматы, Панфилов көшесі, 127. «DIDAR-2010» Дирекциясының Іріктеу комиссиясы. Анықтама телефондары: +7 (727) 272 97 72, 2610 681, 2610 011, +77773637339, +77011527807,

т/ф: 8(727)2610 681. e-mail: didarkino@mail.ru

DIDAR-2010

V Алматы студенттер кинофестивалі

Ұраны: «Жаңа онжылдық - Қазақстан жастарының жаңаша серпілісі!»

16-17 сәуір 2010 ж. Алматы, Қазақстан.

Е Р Е Ж Е С І

1. негізгі МАҚСАТЫ:

· Жас режиссерларға киноөндірістің кәсіби өкілдерінің назарын аудартып, операторлармен, дыбыс режиссерларымен, сценаристермен әріптестік орнату;

· Көпшілік көрермендер қызығушылығын жастар шығармашылығына аудару;

· 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуін және 2011 жылы Астана-Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азия ойындарын өнерлі жастар арасында насихаттау;

· Мемлекеттік тіл - қазақ тіліндегі және патриотизмді дамытуға үндейтін туындыларға қолдау көрсету;

· Оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып, шығармашылық қатынастар орнату, әдіс-тәсіл алмасу;

· Көрермендерді қысқаметражды әрі деректі фильмдерге тарту.

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы

«DIDAR»Продюсерлік орталығы» қоғамдық қоры

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы

Ресми қолдаушылар:

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі,

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, Алматы қаласының әкімдігі

3.ҚАТЫСАТЫНДАР:

Байқауға Алматы және Қазақстанның өзге қалаларындағы ЖОО студенттері мен осы салада жұмыс жасап жүрген Шығармашылық ұжымдардың, қатысуға өтініш берген, жасы 35-тен аспаған жастары қатысады. Ал ақпараттық жұмыстар (қонақ) ретінде Қазақстандық және шетелдік авторлардың да жұмыстары қатыса алады.

4.КИНОФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  • студенттер фильмдерінің байқауы;
  • шығармашылық ұжымдардан қатысқан фильмдер байқауы;
  • «музыкалық клиптер» арнайы байқауы;
  • дөңгелек үстел: «Қазақстандық жастар киносы: әлемдік кинонарықта алатын орны»;
  • шеберлік дәрістер және ақпараттық (байқаудан тыс) фильмдердің көрсетілімі.

5. КИНОФЕСТИВАЛЬ БАСШЫЛЫҒЫ:

Кинофестивальға жалпылама басшылық жасайтын «DIDAR»Продюсерлік орталығы» қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы (келісім бойынша). Байқауға қатысатын жұмыстарды іріктейтін Кинофестивальдің Іріктеу Комиссиясы.

6. ШАРАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ:

Ашылу рәсімі

Басында баспасөз мәслихаты өткізіледі. Оған қатысатындар; БАҚ өкілдері және барлық қатысушылар, сонымен қатар кинофестиваль қонақтары. Одан кейін өткен жылдардағы кинофестиваль туралы фильмдер көрсетіледі (мүмкін) ары қарай байқауға түскен жұмыстардың көрсетілімімен жалғасады.

Кинофестивальдің жабылуы мен марапаттау рәсімі

Кинофестивальға қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі, соңынан танымал жас эстрада жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт (мүмкін) ұйымдастырылады.

7. ШЫҒЫНДАР:

Өзге мемлекеттен/қаладан қатысатын қатысушылардың келуі мен қайтуын (жолақысы, жатын орны және тамағы) жіберуші тарап өз міндетіне алады.

Кинофестивальға дайындық және оны өткізуге кететін барлық негізгі шығындарды өтеуді «DIDAR» Продюсерлік орталығы» қоғамдық қоры өз міндетіне алады.

8. МАРАПАТТАУ:

Кинофестивальда Бас Жүлденің иегері «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!» мүсіншесімен, Сертификатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Аталымдар бойынша жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

9. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

Байқауға 2008-2010 жж. қазақ және орыс тілінде, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ! ұраны аясында түсірілген көркемсуретті, деректі, анимациялық фильмдер және музыкалық бейнеклиптер қабылданады. Фильмдердің ұзақтығы 90 минуттан аспауы тиіс.

Барлық жұмыстардың шығарылған жылдары, титрда көрсетілген копирайтпен анықталады.

Жұмыстарды іріктеуге ЖОО атынан немесе Шығармашылық ұжымның атынан ұсынуға болады.

Іріктеу комиссиясына жолданатын кинофильмдер мен бейнетаспалар 2010 жылдың 1-сәуірінен кешікпей Алматыдағы Іріктеу комиссиясына жеткізілуі керек.

Іріктеуге қатысу үшін төмендегілерді жіберу қажет:

  • қатысу үшін толтырылған өтініш, DVD, CD, флэшкадағы жұмыстар,
  • JPEG форматында автордың (10см х 15см.) және фильмнен 3 стопкадр (фото).

Байқау көрсетілімінің форматы: DVD.

Жұмыстардың тасымалына шығынды жұмыстың иесі өтейді. DVD, CD көшірмелері кинофестиваль мұрағатына алынады.

Ұйымдастырушылар, жұмыстарды коммерциялық негізде үшінші жақтың алып, қолдануына жол бермейді және фестивальді жарнамалауда үзінділерін қолдануға құқылы.

10. ҚАЗЫЛЫҚ, ЖҮЛДЕЛЕР:

Байқау бағдарламасына іріктелген жұмыстарды бағалап, жүлделер мен дипломдарды табыстайтын Қазылар алқасы.

· 1 - Бас жүлде, мүсінше; Сертификат – заттай естелік сыйлық;

· 2 - Үздік көркем фильм; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 2 - Үздік деректі фильм; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 2 - Үздік анимациялық фильм; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 2 - Үздік музыкалық клип; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Ұлттық нақыштағы үздік жұмысы үшін; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 – Т.Жүргенов атын. Қаз ҰӨА арнайы жүлдесі; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 – Үздік спорт тақырыбындағы жұмысы үшін; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Үздік режиссерлық жұмыс; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Үздік операторлық жұмыс; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Үздік сценарийі үшін; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Үздік ер адам рөлі; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Үздік әйел рөлі; Диплом – заттай естелік сыйлық;

· 1 - Кинофестивальдің үздік насихатшысы (БАҚ); Диплом – заттай естелік сыйлық.

«DIDAR-2010» кинофестивалі қатысушының тек осы Ереженің шарттарымен келіскенін қалайды.


Қатысу үшін өтініш

Жұмыстың атауы__________________________________________________түпнұсқада

Түпнұсқаның түсірілген тілі_______________

Жұмыс ұсынылды:

(керектісіне белгі қою керек)

  • Студенттер фильмдерінің байқауына О
  • Шығармашылық ұжымдардан қатысатын фильмдер байқауына О
  • «Музыкалық бейнеклиптер» байқауына О
  • Ақпараттық (байқаудан тыс) фильмдер көрсетіліміне О

Жұмыстың категориясы:

(керектісіне белгі қою керек)

· Көркемсуретті О

· Деректі О

· Анимациялық О

Шығарылған жылы 20___ж. ұзақтығы______мин.____сек.

Режиссердің аты-жөні _____________________________________________

Туған жылы______айы_______күні_____. Егер студент болса курсы: 1, 2, 3,4,5.

ЖОО атауы (егер студент болса) _______ мемлекет/қаласы ___________________

Тел.____________________факс_________________e-mail: _______________

Шығармашылық ұжымның атауы _______________ мемлекет/қаласы __________________

Тел.____________________факс_________________e-mail: _______________

Фильмнің басты кейіпкерлерінің аты-жөні:

ер______________________________ әйел_________________________________

Сценарий авторы __________________________________________курсы: 1,2,3,4,5.

Операторы __________________________________________________курсы: 1,2,3,4,5.

Дыбыс режиссеры__________________________________________курсы: 1,2,3,4,5.

(Сценарий авторы, операторы мен дыбыс режиссерін тек студент болса ғана көрсетіп, байқауға қатыстыруға болады).

Туындыға қысқаша түсініктеме

Жұмыстың ұсынылған түрі (керектісіне белгі қою керек):

  • DVD О, CD О, флэшка О.
  • Толтырылған өтінішпен бірге: DVD, CD, флэшкада жұмыстың көшірмесі,

JPEG форматында автордың суреті (10см х 15см.) және фильмнен 3 кадр үзінді (фото).

Өтініш қабылдаудың соңғы уақыты – 2010 жылдың 5 сәуірі.

Байл. тел.____________________ уақыты __ /________ / 2010ж. қолы ____________

Материалдарды мына мекен-жайға табыстауыңызға болады:

050000, Алматы, Панфилов көшесі, 127. «DIDAR-2010» Дирекциясының Іріктеу комиссиясы. Анықтама телефондары: +7 (727) 272 97 72, 2610 681, 2610 011, +77773637339, +77011527807,

т/ф: 8(727)2610 681. e-mail: didarkino@mail.ru




Пікір жазу:

міндетті
міндетті
блог адресі