Жастарды толғандырар мәселер аз емес…
2008 жылдың 24 қазанында Алматы Баспасөз орталығында, «Қазақстан Републикасындағы мемлекеттік жастар саясатының болашағы мен өзекті мәселелері» атты публицистикалық жұмыстар байқауының қорытындысы жарияланып, жеңіпаз студенттерді мараппаттау рәсімі өтті. Бұл шараны өткізудегі басты мақсат: жастар саясаты бүгінгі таңда қандай деңгейде шешілмеген түйткілдер бар екендігін өзі уақытында жастар қалай бағамдай алады екен деген ойдан туған еді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың қоғамдық белседілігін арттыру, олардың шығармашылық, қоғамдық және рухани дамуына жағдай туғызу және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын жас қаламгерлердің шығармашылық жұмыстарына бағыттау. Алматы қаласының бет-бейнесін республиканың жастар орталығы ретінде дамыту, сонымен бірге жастардың патриоттық, азаматтық түйсігі мен өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Аталған публицистикалық байқауға Алматы қаласындағы Жоғары және Орта арнаулы оқу орындарының студенттері 30-дан астам жұмыстарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынған болатын.
Әділ-қазы мүшелері:
Мамай Ахетов – Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы, филология ғыл. кандидаты; Роза Мырзалы – «Алматы» телеарнасындағы қазақ тіліндегі Бағдарламалар бөлімінің бас редакторы; Нұржан Қуантайұлы «Алматы ақшамы» газеті, Бас редакторының бірінші орынбасары;
Швыдко Алена - «Вечерний Алматы» газеті, Бас редакторының бірінші орынбасары
Жалынды жастардың көкіректерін тесіп, айта алмай жүрген ойларын қағаз бетіне түсіріп, жария етуге мүмкіншіліктер туды. Сонымен әділ-қазылар мүшелерінің шешімімен I орын – К.Сатбаев атындағы университетінің 4-курс студенті Байларова Айнұр «Біз жас патриотпыз» атты жұмысымен; II орын –Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің 3 курс студенті Жұмағалиев Олжас «Легко ли быть молодым?» атты жұмысымен; III орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті Тоқаев Нұркен, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының болашағы мен өзекті мәселелері» атты мақаласымен жүлделі орынды иеленді. Сондай-ақ Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Нұрбол Баймұханов бұл байқаудың жыл сайын өткізілу керектігін айтып, жастарды еркін болуға, ұлтын сүйюге шақырды.
Бұл байқау жалғасын тауып, жастардың патриоттық тақырыптарда сөз қозғап,өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, қаламдарын ұштатып шабыттарын оятқаны белгілі.
Didar-com.kz





















