Сайт туралы


Сайт туралы

А Л Ғ Ы С Ө З

Құрметті www.didar-com.kz сайтының оқырмандары!

Егеменді еліміздің бүгінгідей қарыштап дамыған кезеңінде өздеріңізбен ғаламторда ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз!

«DIDAR» продюсерлік орталығы» қоғамдық қоры алдағы уақытта еліміздегі әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени-ағартушылық, спорт, ғылым, өнер мен білім беру, ақпараттық-баспа саласындағы танымдық мәліметтерді және жастар өміріндегі елеулі оқиғаларды осы сайтта жариялап отыратын боламыз.

Бүгінгі таңда жастар тәрбиесі өзекті мәселеге айналып отыр. Кемелді келешектің тұтқасы, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуы олардың ішкі рухани сезімдеріне әсер етуден бастау алары анық. Сондықтан жастарды отансүйгіштікке еліміздің шын мәніндегі патриоты болуға үндейтін шаралар туралы жаңалықтар мен заманауи бастамалардың жаршысы болу біздің басты парызымыз.

«Менің Қазақстаным!» ұраны аясында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан «DIDAR» Алматы студенттер кинофестивалі жоғарыда айтылған шаралардың бірі. Сондай-ақ, әуесқой жас фотографтар арасында жыл сайын өткізілетін «Алматы – менің сүйікті қалам» атты қалалық фотобайқауын және жас суретшілер арасында екі жылда бір ұйымдастырылатын «Тәуелсіздік тынысы» атты қалалық көрме-байқауын көптеген өнерлі жастарымыз жақсы біледі. Әрі бұл жобалар жылдан жылға аяғын нық басып, қанатын кеңге жайып келеді.

Жас дос, сайттың мағыналы да мәнді болуына сен де өз үлесіңді қос!

«DIDAR» бүгінгі жастардың дидарына айналарына сеніміміз мол!

web-редактор: Әйгерім Әлімжан

e-mail: aikerim22@mail.ru, didarkino@mail.ru

Ұялы тел: 8 777 822 28 18